418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаарқа тұрғындары ауруханаларға бір тоннаға жуық қымыз бен саумал таратты

  • 170
  • UPD: 08:50, 14.07.2020
Жаңаарқа тұрғындары ауруханаларға бір тоннаға жуық қымыз бен саумал таратты

Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданының тұрғындары бір тоннаға жуық қымыз бен саумал жинап, ауданның және Жезқазған қаласының ауруханаларына тапсырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы соңғы уақытта медицина мамандары аталмыш сусындардың иммундық жүйеге пайдасы орасан зор екенін айтады. Осыны білген тұрғындар бұл қайырымдылық шарасын әрі қарай жалғастырып, ем қабылдап жатқан науқастарға тегін таратуға дайын екенін жеткізіп отыр. Бұдан бөлек, тасымал мәселесі шешілсе, облыс орталығына да жеткізбек ниеті бар. Еске салсақ, Жаңаарқа ауданы өткен жылдың қыркүйек айында бір мезетте 10 мың литр қымыз пісіп рекорд орнатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы