426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда дәріханаларына вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жеткізілуде

  • 235
  • UPD: 12:47, 15.07.2020
Елорда дәріханаларына вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жеткізілуде Елорда әкімдігі

Дистрибьюторлар дәрі-дәрмектерді қала дәріханаларына таратуды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күн ішінде қалаға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған 1,200 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және басқа да ірі дәріхана желілеріне бөлінуде.

«Қазіргі уақытта клиенттерге дәрі-дәрмектер жөнелтіліп жатыр, кеше түні бойы дайындадық. Таңнан бері 5 газель машинасын жібердік, тағы екі көлікке дәрі-дәрмек тиелуде», – дейді «Inkar» ЖШС директоры Ақмарал Манауова.

Бұған дейін хабарлағандай, екі күн ішінде елордаға 1,2 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Келген тауарлардың тізімінде шамамен 400 дәрі-дәрмек түрі бар, атап айтсақ: ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және басқалар.

Барлық дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына бөлінуде. Дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы