432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде Бобров тыныс алу аппараттары жасалып жатыр

  • 322
  • UPD: 09:20, 16.07.2020
Семейде Бобров тыныс алу аппараттары жасалып жатыр

Семейде коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққандар үшін Бобров тыныс алу аппараты жасалып жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Оттегі беретін құрылғы 3D принтер көмегімен Электротехникалық колледжде жасалады. Аппарат герметикалық резеңке қақпағы бар жарты және бір литр көлемдегі шыны ыдыстан құрастырылған. Оған оттегіні ылғалдандыруға көмектесетін екі түтік салынады. Орташа алғанда осындай бір құрылғыны жасауға 1,5-2 сағат уақыт кетеді. Бүгінде мамандар осындай 40 аппарат құрастырып үлгерген. Алғашқылары ауруханаларға апарылыпты.

Хабар 24 телеарнасы