429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар шетелден өз керегіне жарату үшін дәрі-дәрмектер әкела алады

  • 238
  • UPD: 10:06, 16.07.2020
Қазақстандықтар шетелден өз керегіне жарату үшін дәрі-дәрмектер әкела алады

Тек оны табыс табу мақсатында пайдалана алмайды, хабарлайды «Хабар 24».

Алыпсатарлар заңмен қудаланады.Бұл жөнінде Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова мәлімдеді. Оның айтуынша,елімізде бұл мәселе заңмен реттелген. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде тайға таңба басқандай жазылып тұр. Әр адам өзіне қажетті дәрілік препараттарды әкеле алады. Кейбір жағдайда оны растайтын құжат талап етілуі мүмкін. Яғни, дәрігер жазған тізіміне науқас картасының көшірмесін көрсету қажет. Бұған қоса, елге кіргізілетін препараттардың көлемі де маңызды рөл атқарады. «Ал, оны өткізуге кедергі жасаған кеден не шекара қызметінің мамандары Қазақстан заңдарын бұзған болып табылады», - дейді Марина Дурманова.

Марина Дурманова, Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті:

- Қазақстан заңдарына сәйкес, жерлестеріміз дәрі-дәрмекті шетелдерден әкелуге құқылы. Оған ешқандай кедергі жасалмау керек. Ең бастысы, оның қажеттілігін дәлелдесе болды. Бірақ рұқсат етілді деп, тым үлкен көлемде тасымалдауға тағы болмайды. Рұқсаттың да өз шегі бар.

Хабар 24 телеарнасы