428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Грузия азаматы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

  • 182
  • UPD: 16:26, 17.07.2020
Алматыда Грузия азаматы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 1991 жылы туған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Заңсыз ойынхананы қызметкерлер жедел-тергеу іс-шарасы барысында қала шетінен анықтады. Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені дәлелденді. Ол 29,6 миллион теңгеден астам сомада табыс әкелген астыртын бизнес – электронды казино жұмысын жүргізіп келген.

Үй-жайды тексеру барысында ЭТД қызметкерлерімен 7 ойын терминалы, тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, атап айтқанда, ставкаларды қабылдауға, ұтыстарды есептеу мен беруге қолдау көрсететін онлайн ойындардың 39 компьютерлік техника қосымшасы тәркіленіп алынды.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307 бабының 3 б., 2 т. (аса iрi мөлшерде табыс табу үшін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы