424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күресте белсенділік танытуда

  • 184
  • UPD: 23:20, 20.07.2020

Қарағандылық кәсіпкерлер коронавирустық инфекцияға қарсы күресте белсенділік танытып отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Qaz Carbon және YDD corporation зауыттарының акционерлері өз қаражатына Түркиядан 100 оттегі концентраторын жеткізді.

Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек препараттарын арнайы сатып алған. Бүгінде Түркия жаңағы оттегі құрылғыларымен бүкіл Еуропаны қамтамасыз етіп отыр. Мамандар «бұл – озық үлгідегі аппараттар» дейді.

Жүз оттегі консентраторы бірден кенді өлкенің медициналық ұйымдарына жеткізілді. Қажетті құрылғылар мен дәрі арасында коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін пульсоксиметрлер мен эноксапарин препараты сатып алынды. Бұл дәрілік зат – COVID -19 науқастары үшін дерттен құтқарар препарат. Себебі ол қанды сұйылтады және коронавирус кезінде өлімнің себептерінің бірі болып отырған тромбтардың пайда болуын болдырмайды.

Ерлан Нығматулин, Qaz Carbon ЖӘНЕ YDD corporation зауыттарының акционері:

- Менің ойымша, осы бір қиын кезеңде бизнес мемлекетке сенімді тірек болуы тиіс. Кезінде еліміз біздерге, бизнесмендерге серпінді көмек берген болатын. Соның арқасында біз өз ісімізді жетілдірдік. Енді осындай қиын кезеңде біздердің де мемлекетке көмектесетін кезіміз келді деп ойлаймын.

Осы көмектің арқасында Қарағанды облысының ауруханалары жансақтау бойынша іс-шараларды көбірек өткізе алады, сондай-ақ тыныс алу органдарының ауруларына сапалы диагностика жасайды және емдейді. Бұл Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне бұдан да көбірек науқастарға уақытылы көмек көрсетуге, ал емделушілерге қажетті ем алуға мүмкіндік береді.

Давид Кемертелидзе, Qaz Carbon ЖӘНЕ YDD corporation зауыттарының акционері:

- Бұл қиын уақытта біз дәрігерлерге қандай үлкен жүктеме түскенін көріп отырмыз. Мен инвестор ретінде шетте қала алмадым және шын жүректен Қазақстандағы COVID-19 пандемиясымен ортақ күреске өз үлесімді қосқым келді. Біздің қолдауымыз бен көмегіміз қазақстандықтардың сауығуына оң әсер етеді деп үміттенемін.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурызында YDD Corporation Қарағанды ферроқорытпа зауытының акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз төтенше жағдай кезінде мемлекеттің іс-әрекетін қолдау үшін құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге бөлген болатын.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы