431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы балалар жұқпалы ауруханасы оттегімен қамтамасыз етіледі

  • 236
Алматыдағы балалар жұқпалы ауруханасы оттегімен қамтамасыз етіледі

Алматыдағы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына науқастардың барлығын оттегімен қамтамасыз ететін екі станса орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы онлайн-брифингте аурухананың бас дәрігері мәлімдеді. Ержан Сералиннің айтуынша, қазір стационарда дәрі-дәрмек жеткілікті. Еске сала кетейік, наурыз айынан бері бұл аурухана коронавирус және өкпе қабынуы диагноздарымен түскен қала тұрғындарын емдейтін стационар қызметін атқарып келеді. Яғни мұнда балалар ғана емес, ересек азаматтар ем алуда. Кеше ғана 83 жастағы қария аман-есен үйіне жазылып шықса, наурыз айынан бері 239 бала коронавирус індетінен сауығып кеткен екен. Тағы 9 бала қазір ем дом қабылдап жатыр.

Ержан Сералин, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

– Көп адам үйлерінде ауруханаға түсердің алдында әртүрлі ем қабылдайды, қазіргі таңда гармондық препараттарды қабылдап жатқандар бар. Дексаметазон, преднизалон және де антикоагулянтты препараттарды үйінен қабылдап, асқынуларымен түсіп жатыр. Сондықтан да біз қалалық тұрғындарға айтарымыз, ондай күрделі дәрілерді үйде қабылдауға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы