429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең көп заңсыз қоқыс орындары орналасқан жерлер анықталды

  • 258
  • UPD: 23:11, 22.07.2020

Ең көп заңсыз қоқыс орындары Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Айтуынша, ел аумағында барлығы 7 жарым мың осындай жер табылды. Бүгінгі таңда бізде қоқыстың тек 15 проценті ғана өңделіп жатыр. Елде бұл жұмыспен айналысатын 200 кәсіпорын бар. Бірақ шығыны көп болғандықтан салаға инвесторлар келе қоймайды. Сол себепті еліміздің 6 өңірінде «WASTE TO ENERGY» технологиясы бойынша қоқыс жағатын зауыттар ашу көзделген. Олар қалдықтарды жағып ғана қоймай, электр энергиясын шығарады. Ал заңсыз қоқыс орындарын жою үшін Экологиялық кодекске бірқатар өзгеріс енгізу жоспарда бар.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату. Қалдықтарды өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарды лицензиялауды енгізу. Қоқыс шығарушылар үшін хабарлама тәртібіне көшу. Қоқыс шашқан адам оны өзі жинап, полигонға тапсырады. Және де айыппұл төлейді.

Алдағы демалыс күндері ведомство өкілдері жаппай рейд ұйымдастырып, ұлттық саябақтар мен халық демалатын орындарды тексермек.

Мырзағалиевтың айтуынша, мұнда қоқыс жәшіктерін санын ұлғайту жоспарда жоқ. Біріншіден, ол қаржы тапшылығына байланысты. Сондай-ақ бұл жәшіктер демалыс орындарының түрін бұзады екен. Сондықтан ол халықты қоқысты өзімен бірге алып кетуді сұрады.

Хабар 24 телеарнасы