432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері көп балалы аналар 113,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

  • 258
  • UPD: 12:34, 24.07.2020
Жыл басынан бері көп балалы аналар 113,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы сомасы 113,6 млрд теңгеге 389,1 мың отбасы көп балалыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды.

Маусым айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге 398,091 мың отбасы алды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент баласы бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.

Осылайша, осы жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы биылғы 13 мамырда қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға 100 008 теңге, 10 балаға 111 120 теңге, 11 балаға 122 232 теңге, 12 балаға 133 344 теңге, 13 балаға 144 456 теңге, 14 балаға 155 568 теңге, 15 балаға 166 680 теңге, 16 балаға 177 792 теңге төленеді.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді. Осылайша, төленбеген сома осы жылдың шілде айында аударылды.

Жалпы, 2020 жылы көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд теңге қарастырылған

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көп балалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы