422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгінге дейін 1 млн 676 мың қазақстандық 42 500 теңгеден алды

  • 331
  • UPD: 14:09, 25.07.2020
Бүгінге дейін 1 млн 676 мың қазақстандық 42 500 теңгеден алды

Бүгінге дейін елімізде 1 млн 676 мың адам 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемін алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы 2,1 млн ел азаматтарынан өтініш түсті. Бір реттік әлеуметтік төлемақы алуға өтінішті бірнеше жолмен беруге болады. Атап айтқанда, 804 мың азамат проактивті нұсқамен ұсыныс тастаса, 521 мың адам eGov және телеграм-бот арқылы өтініш беріпті. Enbek.kz порталына жүгінген жандар саны – 249 мың. Жарты миллионнан астам адам екінші деңгейлі банктердің қосымшасына жүгінген.

Айта кетейік, өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы