427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы 55 көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

  • 408
  • UPD: 15:17, 27.07.2020
Елордадағы 55 көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Биыл бас қалада 150 көше жөндеуден өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта қаланың орталық көшелерінде 32,5 км жол жөнделді.

27 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды: Қ.Сатпаев к-сі, Әл-Фараби (Байырқұм к-сі) к-сі, Угольной көшесінің жалғасы, Кенесары к-сі, А. Байтұрсынов к-сі, Таха Хусейн к-сі, Асан Қайғы к-сі, С. Торайғыров к-сі, Тұран даңғылы, Достық, Д. Қонаев, Түркістан, Ақмешіт көшелері, 319 (Bi Village баратын жол) к-сі, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Нұрлыжол к-сі, Нұржол бульвары, Сауран к-сі, Абай даңғылы, Бөгенбай батыр даңғылы, Жеңіс даңғылы, Конституция к-сі, Шұғыла к-сі, Бұхарбай батыра к-сі, Мәскеу к-сі, «Тұлпар» көпірінің бұрылысы, Ы.Дүкенұлы к-сі.

Тоғыз көшеде (10,93 км) жөндеу жұмыстары жалғасуда: Амман к-сі, Шарль де Голль к-сі, Алаш тас жолы, Оқжетпес к-сі, Бейбітшілік к-сі, Р. Дүйсенбаев к-сі, Бабатайұлы к-сі, М-2 көпірі өткелі, Сарайшық көшесі бойындағы жергілікті өткел.

Тұрғын алаптардағы 28 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Балуан Шолақ к-сі, М.Төлебаев к-сі, А.Байтұрсынов көшесінің кіре берісі, Сүтбұлақ к-сі, Маркакөл тұйық к-сі, Қарасаз к-сі, Нұрлы тұйық к-сі, Ақберген тұйық к-сі, Орхон к-сі, Шырайлы, Сайрам, Ақбидай, Кеңшалғын көшелері, Ақпан тұйығы, Жолымбет к-сі, Аққайың к-сі, Сандықтас тұйық к-сі, Қайрақты тұйық к-сі, Арқарлы, Беласар, Қырыққыз көшелері, Маралсай тұйық к-сі, Желдірме тұйық к-сі, Қоғалы тұйық к-сі, Қамажай тұйық к-сі, Аққорған, Аққайың (Коктал-1 ТА), Тайсойған көшелері.

35 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Қапал, Арғанаты, Келес, Кемел, Майдақоңыр, Әлқисса, Алпамыс көшелері, Өндіріс көшесі Ақбидай көшесінен Үшқоныр көшесіне дейін, Ақшағыл, Мусоргский көшелері, Гүлзар тұйық к-сі, Киелісай, Бестау, Кеншілер, Назайтас, Арнасай, Жаңа әуежай көшелері, Атакент тұйық к-сі, № 52 өткел, Қызылсу, Бесағаш, Қашаған көшелері, Рауан тұйық к-сі, Рауан 1 тұйық к-сі, Рауан 2 тұйық к-сі, Шыршық тұйық к-сі, Қараой тұйық к-сі, Сумбе тұйық к-сі, Басықара батыр, Сонар, Сырғалы, А. Үлімжіұлы, Кербезқыз, Шарбақты көшелері, Балтакөл тұйығы.

Еске сала кетейік, биыл бөлінген қаржы аясында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көшеде жөндеу жүргізілуде. Атап айтқанда, 50 орталық көшеде (58,6 км) және тұрғын алаптардағы 100 көшеде (41,4 км) жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Өндіріс тұрғын алабында 16 көше, Кирпичный тұрғын алабында 12 көше, Агроқалашықта 21 көше, Көктал-1 тұрғын алабында 12 көше, Промышленный тұрғын алабында 8 көше, Оңтүстік-шығыс (оң жақ) тұрғын алабында 18 көше және т.б.

Хабар 24 телеарнасы