420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында үйін дәріханаға айналдырған екі тұрғын ұсталды

  • 295
  • UPD: 19:36, 27.07.2020
Қызылорда облысында үйін дәріханаға айналдырған екі тұрғын ұсталды

Ел ет жақынына емге таппай жүрген дәрі-дәрмекті үйден сататындар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәріханадан таппағаныңызды осындай делдалдардан табасыз. Тек бағасына келіссеңіз болды. Ал қазіргідей ажал дәл іргеңе келгенде оның бағасына кім қарай берсін?! Алаяқтар да осыны біледі. Білген соң саудасын қыздырып жатыр. Қызылордалық полицейлер үздіксіз рейд жүргізіп, нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмек сатқан 45 деректі анықтады. Мұнда үйінен жасырын емдік препараттар сатумен айналысқан облыс орталығының 2 тұрғыны ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің мекенжайын тінту кезінде құны 15 миллион теңге болатын дәрінің жүзден астам түрін тәркіледі. 

Ерболат Тұрахметов, ОПД басқарма бастығы:

– Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда. Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Полиция департаменті облыс тұрғындарынан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне немесе «102» телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы