420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы құрылысы ұзаққа созылған нысанда қандай жұмыстар жүргізілуде

  • 272
  • UPD: 11:04, 28.07.2020
Елордадағы құрылысы ұзаққа созылған нысанда қандай жұмыстар жүргізілуде

Биыл бас қалада 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерінің кілтін алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған нысанның құрылыс барысымен танысты. «Баспана Көктал» тұрғын үй кешені 5 жылдан бері проблемалық құрылыс санатында, ондағы үлескерлердің саны 530-дан асады.

«Бұрынғы құрылыс салушы бірнеше қабатты заңсыз салған. Мысалы, 5 қабаттың орнына 9 қабатты үй, ал 9 қабаттың орнына 12 қабатты үй салған. Үйлердің барлығы үлескерлерге сатылды», – деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі өзінің instagram парақшасында.

Қолданыстағы нормаларға сәйкес 6 қабаттан тұратын ғимарат лифтпен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты лифтілерді орнату үшін қалқаларды бөлшектеу жүргізіледі және өртке қарсы эвакуациялық сатылар орнатылады.

«Өткен жылы бірқатар проблема болды, басым бөлігі шешілді. Үй «Елорда құрылыс компаниясы» қатысумен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Биыл 20 көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз. Бұл 8 мыңға жуық үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деді А.Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы