428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрбан айт күндері Шымкент кіреберістеріне 17 бекет қойылды

  • 259
  • UPD: 15:42, 31.07.2020
Құрбан айт күндері Шымкент кіреберістеріне 17 бекет қойылды

Құрбан айт мерекесі күндері Шымкент қаласында да бірқатар шектеу енгізілді, хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық Полиция департаменті шаһар аумағына құрбандық малын алып келуге тыйым салды. Тәртіпті қатаң сақтау мақсатында қала кіреберістерінде 17 бекет қойылды. Мұндай талап мереке кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін қойылып отыр. Күшейтілген режим мерзімі 2 тамызға дейін жалғасады. Бұл шектеу құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бергендерге қатысты емес.

Хабар 24 телеарнасы