426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында дендробақты қалпына келтіру жұмыстары басталды

  • 219
  • UPD: 21:45, 31.07.2020
Түркістан облысында дендробақты қалпына келтіру жұмыстары басталды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы дендробақты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жөндеуге бюджеттен 80 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Бұл ақша бақішілік тротуарлар мен велосипед жолдарын, суғару жүйесін жаңартуға жұмсалады. Сондай-ақ көше шамдары да ауыстырылады. Жалпы аумағы 11 гектарды жерді алып жатқан дендробаққа биыл 12 жыл. Мұнда егілген гүлдер, шаған және қайың-қарағай саны 4 мыңнан асады.

Құралбай Бакберген, Қазығұрт аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бұл нысанымызға осы ауданымыздың Тұрбат дейтін елді мекенінен осы Қазығұрт ауданының жиырма шақты тұрғындарын алып келіп, істетіп жатырмыз.  Өздерінің жұмысшылары бар жаңағы мұны ұтып алған «Базис-К» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 10-15 адам. Жалпы 35 адам жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы