426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының дәрігерлеріне үстемеақы төленді

  • 273
Қостанай облысының дәрігерлеріне үстемеақы төленді

Коронавирус инфекциясымен күрестегі жанқиярлығы үшін Қостанай облысының дәрігерлеріне бір миллиард теңгедей үстемеақы төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірлік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осылай деп хабарлайды. Мамандардың айтуынша, маусым айының өзінде екі мыңдай дәрігер, мейірбике және зертханашы еңбектеріне сай үстемеленген жалақы алған. Олар инфекциялық және провизорлық стационарда жұмыс істеді. Сонымен бірге блок-бекеттерде кезекшілікте болғандар да ынталандыру ақысыз қалмайды.

Сәуле Аймұхамбетова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ОФ директоры:

– Облыстағы медицина қызметкерлеріне наурыздан маусым айына дейін 933 млн теңге үстемеақы төленді. Егер жалпы айтатын болсақ, шамамен 5 мың адам ай сайынғы жалақыларына қосымша ақша алды. Ал соңғы ай бойынша 1900-дей ақ халатты ынталандыру ақысына қол жеткізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы