430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында көп қабатты үйлердің аулалары жаппай жаңартыла бастады

  • 309
  • UPD: 08:54, 03.08.2020
Ақтөбе облысында көп қабатты үйлердің аулалары жаппай жаңартыла бастады

Бірер жыл бұрын облыс орталығында бастау алған бұл жұмыс бүгінде өңірге қарасты бірқатар аудандарда да қолға алынған, хабарлайды «Хабар 24».

Тек Қандыағаш қаласында биыл 25 үйдің ауласы абаттандырылып жатыр. Атап айтқанда, асфальт төселіп, ойын және спорт алаңдары қайта жасақталады. Сондай-ақ автотұрақ пен тұрғындар үшін орындықтар қою көзделген. Көгалдандыру ісі де қатар жүріп, көшет түрлері отырғызылмақ. Алдағы екі жылда аудан орталығындағы 110 үйдің ауласын абаттандыру жоспарланып отыр. Ондаған көшеде жарық шамдары орнатылады. Жалпы ауданда биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында құны 3 млрд теңге болатын 40 жоба іске асуда.

Талғат Өтемұратов, Қандыағаш қаласының әкімі:

- 15 жоба Қандыағаш қаласында жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, мектептерді күрделі жөндеу жұмыстары, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, автокөлік жолдарды жөндеу, су құбырларын, кәріз жүйелері, құрылыс жұмыстары және де басқа спорт алаңдарын салу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы