429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында оттегі концентраторлары тәркіленді

  • 292
  • UPD: 09:55, 03.08.2020
Түркістан облысында оттегі концентраторлары тәркіленді

Түркістан облысында кедендік бақылау барысында оттегі концентраторлары тәркіленді, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

«1 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «DEDAKJ», Medical oxygen concentrator «AERTI», «Armed» 7F-3L», «Oxygen concеntrator»  және «Plusmed-KN01» маркаларындағы 7 дана оттегі концентраторын анықтады. Бұл жабдықтар пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде қолданылады», - делінген хабарламада.

Аталған факті департаменттің АЕК тіркеліп, ҚПК 181-бабы, 2 б. сәйкес (қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша МКД жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы