432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды әкімшілігінің алдында жайқалып тұрған гүлдерді жұмыскерлер қырқып тастады

  • 297
  • UPD: 09:50, 05.08.2020

Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы үлкен алаңда жайқалып өсіп тұрған қызылды-жасылды гүлдерді жұмыскерлер қырқып тастаған. Осылайша қазынаның қыруар қаржысы желге ұшты.

Айтуларынша, енді ол жерге басқа өсімдік екпекші. Көздің жауын алатын мыңдаған түп гүлді жаз аяқталмай жатып неге қазып тастағаны жұмбақ. Бұған наразы болған жергілікті жұрт шашылып жатқан гүлдерді жинап, басқа жерге отырғызып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы