423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде санитария талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге 23 млн теңгеден астам айыппұл салынды

  • 280
Ақтөбеде санитария талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге 23 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Ақтөбе облысында санитария талабын сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға 23 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондай бизнес құрылымдарда өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы орындалмаған. Атап айтқанда, жұмыс істеу уақытының белгіленген кестеге сәйкес келмеуі, бетперде тағу тәртібінің бұзылуы, әлеуметтік арақашықтықтың ескерілмеуі, қызмет етуге рұқсаты жоқ нысандардың жұмысты жалғастыруы секілді деректер тіркелген. Мұндай кемшілікті мониторингтік топ мүшелері мен жоспардан тыс тексеру жүргізген санитар мамандар анықтаған. Нәтижесінде, кәсіпкерлік нысандарға қатысты 200-ден астам хаттама толтырылып, ірі көлемде айыппұл салынып отыр. Аймақ тұрғындарының қаулыда көрсетілген талапты бұзуы азаяр емес.

Айсәуле Уралбаева,  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Қазіргі күні жеке тұлғалар да осы қаулыны бұзушылық анықталды. Ол дегеніміз не? Олар той, садақа өткізуде. Сондықтан қазіргі күні департамент мамандары осы мерекелік іс-шараларды кейінге қалдыруға үндейді.

 

Хабар 24 телеарнасы