428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында әскери бөлімдердің дайындығы тексерілді

  • 267
Алматы облысында әскери бөлімдердің дайындығы тексерілді

Алматы, Қапшағай, Отар гарнизонының әскери дайындығын пысықтауға арналған оқу-жаттығулар аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-шараға 8 мыңдай әскери мен 200-ден астам құрлықтық техника және он шақты ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды. Гарнизондар тактикалық, физикалық және нысананы дәлдеп атудан дайындықтарын көрсетті. Шартты түрдегі диверсиялық топтарға қарсы қалай әрекет ету керектігі де пысықталды. Әскери қолбасшылар аталған құрылымдардың түнде жүргізілген ату дайындығын да жоғары бағалады. Сонымен бірге қоймаларда қару-жарақ сақтау мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің жіті қадағалануы тексерілді.

 

Хабар 24 телеарнасы