426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде медицина қызметкерлеріне жаңа көліктер табысталды

  • 283
  • UPD: 22:11, 10.08.2020

Семейде медицина қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілттері табыс етілді, хабарлайды «Хабар 24».

19 су жаңа жеңіл автомобиль қалалық бюджет есебінен алынған және олар емханалар жанынан құрылған мобильдік топтарға қызмет етеді. Бұл күнге дейін шаһарда 71 мобильдік бригада болған еді. Қазір эпидахуалдың тұрақталуына байланысты 56 топ қана жұмысын жалғастыруда. Қаладағы стационарлық емдеу мекемелерінде 135 науқас әлі де емделу үстінде. Ал, үйге шыққандары оңалту шараларын қабылдап жатыр. Оларға кеңес беріп, керек дәрі-дәрмектерін жеткізіп берумен осы мобильдік топтар айналысуы тиіс. «Сондықтан жаңа жаңа көліктердің маңызы зор», - деп есептейді ақ халаттылар.

Найля Әлменева, қалалық жедел штабтың медициналық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі:

- Бұл көліктер мобильді бригадаларға барады. Мобильдік бригадалар әлі болады, әлі жұмыс істейміз. Мен 30 жыл бастапқы алғашқы медициналық көмекте жұмыс істеймін. Бірінші рет 19 машина алып отырмыз. Және де жеңіл көлік. Тез жүру керек. Мейірбикелерге, дәрігерлерге комфорт болу керек. Соның барлығын ойлап беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы