431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жазасын өтеуші құрылыс қалдығынан Абай мүсінін жасады

  • 145
  • UPD: 15:43, 12.08.2020
Қарағандыда жазасын өтеуші құрылыс қалдығынан Абай мүсінін жасады

Қарағандыдағы АК 159/7 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Юрий Минкин ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының мүсінін жасады, деп хабарлайды «Хабар».

Шебер шикізатқа керексіз құрылыс материалын пайдаланған. Әуелі оқулықтан хакімнің суретін іздеп тауып, кейін кірпіштен қашап, бас ақынның бейнесін бедерлеп шыққан. Қазір мүсін түрменің кітапханасында тұр. «Бұл 175 жылдыққа тарту», - дейді мүсінші.

Юрий Минкин, жазасын өтеуші:

- Жұмсақ кірпішті кесу қиын болған жоқ. Мүсінді санаулы күнде жасап шықтым. Енді ағаштан Абай домбырасын жасасам деген жоспарым бар.

Хабар 24 телеарнасы