428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасында Бас санитар дәрігердің қатысуымен брифинг өтті

  • 193
  • UPD: 12:48, 14.08.2020
«Хабар 24» арнасында Бас санитар дәрігердің қатысуымен брифинг өтті

Алдағы аптадан бастап елдегі карантин тәртібі жеңілдейді. Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданады.

Арасында бутиктер, сауда желілері, жабық базарлар бар. Тізімге сұлулық салондары мен шаштараз, СПА мен косметологиялық қызмет орталықтарды да енген. Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары жұмыс істейді. Ашық ауадағы аттракциондарға да рұқсат. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады. Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға да рұқсат етілді. Бірақ 5 адамнан аспау керек. Қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялануы тиіс. Салтанатты және бұқаралық шаралар әлі де өткізілмейді. Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндеріндегі шектеу шаралары сақталады.

Арнамызда осы карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету тақырыбына арналған брифинг өтті. Оған Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысып, тілшілердің сауалына жауап берді.

Хабар 24 телеарнасы