423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында тігін фабрикасының қазығы қағылды

  • 528
  • UPD: 12:48, 14.08.2020
Түркістан облысында тігін фабрикасының қазығы қағылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен тігін фабрикасының құрылыс алаңында капсула салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа өндіріс ошағы «Turkistan» индустриалды аймағында орналасқан. Жоба Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша жүзеге асуда.

Өңір басшысы бірлескен жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен тиімді тұстарын атап өтті. Фабрикада мыңнан астам жұмыс орны ашылып, аз қамтылған отбасылардан шыққан қыз-келіншектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтамасыз етіледі.

«Өзбекстандық әріптестерімізбен бірлесе салатын бұл тігін фабрикалары өңіріміздің экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауына үлес қоспақ. Бүгінде өңірімізде өзбек капиталының қатысуымен 40-тан астам жоба жүзеге асуда. Бұл тігін фабрикасы кезекті сәтті жоба және екі елдің бірлескен ынтымақтастығының лайықты нәтижесі болатынына сенімдімін», - деді Өмірзақ Естайұлы.

Өндіріс орны айына 15 000 дана тоқыма өнімін шығарады. Барлық маман кәсіби деңгейде оқытылады. Олар Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде білімін жетілдіре алады. Жоба инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агенттігінің қолдауымкен және «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Жаңа кәсіпорын алдағы қазан айында іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы