420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТҚҚК «Бек Эйр» әуекомпаниясына қатысты үшінші талап-арызды дайындауда

  • 233
  • UPD: 18:01, 14.08.2020
ТҚҚК «Бек Эйр» әуекомпаниясына қатысты үшінші талап-арызды дайындауда

Қазақстандықтар Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне тоқтатылған рейстердің билеттері үшін ақшалай қаражатты өтемейтін «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясының бұзылған құқықтарды қалпына келтіруі туралы өтініштерін жолдауды жалғастыруда, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Үшінші талап-арызда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 7,6 млн теңгеге 212 әуе билетін сатып алған 108 қазақстандықтың мүддесін қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 маусым мен 24 шілде күндері сот «Бек Эйр» АҚ-на қатысты ТҚҚК-нің екі талабын толық көлемде қанағаттандырды.

Сотта өз мүдделерін білдіру үшін тұтынушылар ТҚҚК мекенжайына белгіленген анықтаманы жіберуі керек, оны сайтта жүктеп алуға болады: https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/documents/details/12756?lang=ru.

Өтініштер қабылданады:

–  электрондық үкіметтің порталы: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app

 – телеграмм-бот: kzpp_bot.

Өтінішпен қоса мына құжаттарды қоса тіркеу керек:

 – жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік);

– төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалды түбіртегі және т.б.);

– билеттің көшірмесі;

– өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктен анықтама);

– тұтынушы осы мәселе бойынша «Бек Эйр» компаниясымен бұрын байланысқандығын растайтын құжаттар (көшірмелер, скриншоттар және т.б.).

Хабар 24 телеарнасы