419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы ХҚКО-да енді «А» және «СЕ» санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алуға болады

  • 355
  • UPD: 12:43, 15.08.2020
Оралдағы ХҚКО-да енді «А» және «СЕ» санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алуға болады

Оралдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан енді «А» және «СЕ» санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын теориялық емтиханнан өткендер мотоцикл мен тіркеме үшін басқа қалаларға баруға мәжбүр болатын. Қаладағы автомектептер көмегімен мотоцикл көлігі мен тіркемелі жүк көлігі алынды. Жаңа мотодром үшін арнайы жолақтар сызылған алаң пайда болды. Облыстық мемлекеттік қызмет істері бойынша департамент мамандарының айтуынша, бұған дейін аталған санаттарға зәру жүргізушілерден талап-ұсыныстар көп түскен. Енді автомектеп түлектері практикалық емтихан талаптарын ойдағыдай орындаса, осы санаттарға ие бола алады.

Кирилл Дмитров, қала тұрғыны:

- Бұрын Оралда мотоцикл жүргізу үшін қажетті санатты алу мүмкін болмады ғой. Жүргізуші куәлігі болмаған соң түрлі жағдайларға тап болып жүрдік. Енді бәрі өзгерді, мотоцикл жүргізгенді ұнататын барша тұрғындарға осы жерге келіп, емтихан тапсырып, тиісті санатты алыңыздар деймін.

Луиза Құсайынова, мамандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы:

- Теориялық және практикалық емтихан автоматтандырлған әдіспен өткізіледі. Бірақ осы санаттар бұған дейін болмаған еді. Енді комиссия мүшелері емтихан тапсырушының біліктілігін тексеріп, тиісті шешім қабылданады. Жүргізуші куәлігін алу үшін броньдау тәсілімен алдын ала кезекке жазылу керек.

 

 

Хабар 24 телеарнасы