424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда алғашқы «Әдеби аялдама» пайда болды

  • 179
  • UPD: 15:56, 18.08.2020
Қарағандыда алғашқы «Әдеби аялдама» пайда болды

Қарағандының орталық көшесінде алғашқы «Әдеби аялдама» пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан игі жоба Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Аялдаманың ішкі қабырғасына ұлы ойшылдың үлкен портреті және 15-ші қара сөзі үш тілде, қазақша, орысша, ағылшынша жазылған. Ал, сыртында Қасым Аманжоловтың, Мұқағали Мақатаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың хакім жайлы жазған өлеңдері басылыпты. Туындылар түнде де көріну үшін қабырғаға шамдар орнатылған. Сондай-ақ бұзақылар қиратып кетпес үшін берік шынымен қапталыпты. Ұйымдастырушылар келешекте аялдамадағы өлеңдер өзгертіліп отыратынын айтады.

Баян Нұртаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Қазіргі кезде әдеби шығармаларды оқу, кітапханаға бару өте азайып кетті. Сондықтан халқымызды кішкене әдебиетке тарту үшін, оқуға, білімге тарту үшін осындай жоба ойластырылды. Қарағанды халқы қолдаса, әрі қарай осы жоба жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы