420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жастарға арналған мобильді ресурстық орталықтар ашылды

  • 149
  • UPD: 20:07, 19.08.2020
Алматыда жастарға арналған мобильді ресурстық орталықтар ашылды

Алматы қаласының 8 ауданында жастарға арналған «Мобильдік ресурстық орталықтар» жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресурстық орталықтар қаладағы жастар көп жүретін жерлерге орналасқан. Жұмыс іздеуші алдымен арнайы сауалнаманы толтырып, өзін қай салада көргісі келетінін жеткізеді. Сауалнама халықты жұмыспен қамту орталығына түскеннен кейін мамандар үміткерлерге хабарласып, ұсыныстарын жібереді. Сондай-ақ бұл орталықтар 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттерді «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады. Мұндай орталықтар қаланың барлық ауданында 22 тамызға дейін жұмыс істейді.

Жанар Арнаева, Жастар ресурстық орталығының бас маманы:

- Біздің орталықта тек қана жұмыспен қамту емес, сонымен қатар жастардың уақытын тиімді өткізумен де айналысамыз. Мысалы, бізде бұл жерде психолог мамандары, яғни, аудандық координаторлар отыр. Яғни, жастарға бос уақытты қалай тиімді өткізу керек. Мысалы мастер-класқа қатысу, тілдік білімді алу немесе басқа бұйымдарды жасап үйрену бойынша, сонымен қатар семинарларға қатысу да, дұрыс сөйлесе білу, резюмені дұрыс құрастыра білу, соның барлығын үйретеміз. Яғни, бұл жастарға мобильді түрде болғандықтан, өте тиімді және керек деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы