426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы емдеу мекемелері қалыпты режимге көшті

  • 235
  • UPD: 11:17, 21.08.2020

Ауруханалар жоспарлы емдеу шараларына қайта кірісіп, науқастарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар емхананың жанынан ашылған провизорлық орталықтар жабылған соң дәрігерлер қалыпты режимге көшті. Уақытша шектеу шараларынан соң жұмысқа қайта кіріскендердің қатарында облыстық кардиохирургиялық орталық та бар.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Иманғали Құспеков – Екібастұз өңірінің тумасы. Өмір бойы мал шаруашылығымен айыналысып келеді. Павлодарға келгенде жүрегі ұстап, осы орталыққа түсіпті. Кейін азаматтың жүрек-қан тамырлары зақымданғаны белгілі болды. Науқас бірнеше күн ішінде жақындарының ортасына оралып, толыққанды оңалтудан өтпек.

Иманғали Құспеков, науқас:

- Приступ ұстады сегіздің кезінде. Қолма-қол операцияға алып барды. Апарды да жасады. Енді барлығы да артта қалды ғой. Мен соған дән ризамын. Қазір жағдайым бірқалыпты, жақсы. Қан қысымым да оңды. Барлығы жақсы, тәбетім жақсы, тамағымды ішемін. Дәрігерлер жақсы, күні -түні жанымда жүреді. Келіп, тексеріп. тұрады

Жоспарлы қабылдаулар жанданғалы бері жүрекке 30-дан астам түрлі операция жасалды Олардың екеуі бес ай және бес жастағы сәбилердің жүрегінде жүргізілді. Дәрігерлер жүрегі сыр берген 70 жастағы қарттың өміріне де араша болды.Олардың барлығы – кезекте тұрған пациенттер.

Думан Ізғұттинов, облыстық кардиохирургиялық орталықтың бөлім кардиохирургы:

- Провизорлық стационарларда толтыру азайғаннан кейін бізде жоспарлы жатқызу қайта жанданды. 20-ға тарта науқас жатыр. Оның жартысынан көбі осы жоспарлы келіп түскен. Олардың бәрі бізде кезекте тұрған өзіміздің науқастар. Ал енді жедел көмек тоқтатылған жоқ. Жедел көмек толық қамтылып жатты. Жедел келіп түскен науқастар өте көп болды. Барлығына көмек көрсетіліп жатыр.

Карантин кезінде кардиологиялық орталық жанынан 270 орындық провизорлық орталық ашылған. Екі аптадан астам уақыт бойы мыңнан астам науқас емделіп шыққан.

Мұрат Райханов, облыстық кардиохирургиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Кардиоорталықтың жұмысы қалыпқа келді. Жоспарлы және жедел хирургиялық көмек көрсету бұрынғыша. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде жатқан науқастардың барлығы операциядан соң емделуде. Бір бөлігі шығарылса, қалғаны ерте оңалту шараларын өтуге бағытталды. Карантин кезінде кей пациенттеріміз келе алмады. Бүгінде оларды шақыртып, ем-дом шараларынан өткізудеміз.

Бүгінде облыстық кардиохирургиялық орталықта 500 маман еңбек етеді. Карантин кезінде жүрекке жасалатын ашық операциялардың бірнеше түрі енгізілген. Осылайша, хирургиялық әрекеттердің саны 20-ға жуықтады.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы