426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар жаңадан салынған үйлердің сапасына наразы

  • 138
  • UPD: 14:31, 21.08.2020
Қостанайлықтар жаңадан салынған үйлердің сапасына наразы

Ішкі әрлеу жұмыстары былай тұрсын, жертөлелер судан арылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы жағымсыз иіс қолқаны қабады. Қызмет көрсетуші мекеме суды сорғымен күнделікті айдағанымен, техникалық бөлмені құрғату мүмкін болмай отыр. Бұл жерге жаңбыр суы мен көрші екі үйдің кәріз жүйесі ағады. Айта берсе, көп қабатты баспанада кем-кетік көп. Жан-жаққа арызданған тұрғындар құзырлы орындарға сенуден қалған.

Әлима Тілеубаева, қала тұрғыны:

- Төбемізден су ағады. Шатыры дұрыс емес. Суағар жоқ. Қоқыс пен түрлі құрылыс материалдары құдықтарды бітеп тастаған. Жағымсыз иіс шығады. Жағдайымызды салушы мекеме біледі. Бірақ ешқандай шара қолданып жатқан жоқ.

Ғалымжан Досмұханов, ТКШ қызмет көрсетуші компания директоры:

- Алтыншы, жетінші үйдің кәріз жүйелері №18 және №8 үйге ағып жатыр. Құдықтар бітеліп, үнемі суға толады. Қуатты сорғылармен айдап көргенбіз. Көп ұзамай қайта бітеліп қалады. Сыртқы желілердің иесі жоқ. Сәйкесінше, оны тазалауды ешкім мойнына алғысы келмейді.

Хабар 24 телеарнасы