424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның коронавирусқа қарсы екпесі үздік 200 вакцина қатарына енді

  • 190
  • UPD: 20:50, 25.08.2020
Қазақстанның коронавирусқа қарсы екпесі үздік 200 вакцина қатарына енді

Қазақстанның коронавирусқа қарсы дәрісі инфекциядан арылуға көмектесетін 200 тәжірибелік вакцина қатарына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тізімін The Washington Post басылымы жасап шыққан. Америкалық газет қазақстандық вакцинаны әлсіреген және белсенді емес вирустық вакциналар санатына қосқан. Оның құрамында өлі вирустар болады. Олар иммундық жүйеге инфекциядан қалай қорғану керектігі жайлы белгі бере алады екен.

Айта кетейік, отандық вакцинаны жасау наурыз айында қолға алынған болатын. Оны әзірлеумен Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты айналысуда. Аталған ведомствоның хабарлауынша, бүгінде жаңа дәрі өзінің қауіпсіздігін дәлелдеп қана қоймай, антиденелердің жоғары деңгейін көрсеткен. Жалпы The Washington Post басылымы мәліметі бойынша бүгінгі таңда әлемде 170-тен астам коронавирустық вакцина түрлі сынақтан өтуде. Оның жетеуі вакцина дені сау жастарға, 12 вакцина тәуекел тобына кіретін адамдарға сыналып жатыр. Тағы 7 вакцинаның тиімділігін анықтау үшін олар мыңдаған адамға қолданылуда.

Хабар 24 телеарнасы