420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында ақбөкенді аяусыз қырған браконьерлер ұсталды

  • 266
  • UPD: 00:43, 26.08.2020
Қарағанды облысында ақбөкенді аяусыз қырған браконьерлер ұсталды

Қарағанды облысында ақбөкенді аяусыз қырған алты браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы Қызылорда өңірінің тұрғындары. Қылмыскерлер Бетпақдалада заңсыз аң аулап, Қызыл кітапқа енген 212 бас киікті жайратып тастаған. Тәртіп сақшылары тінту барысында заттай айғақтар тапты. Автокөлік, мылтық және ақбөкеннің етін тәркіледі.

Әбіл Әбілдин, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда 6 күдіктінің барлығы қамауға алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337, 339 баптары бойынша іс қозғалды. Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, өткен жылдан бастап браконьерлерге жаза күшейген. Егер бұрын осындай қылмыс жасағандар ең көбі 5 жылға сотталса, қазір жаза мерзімі 12 жылға дейін ұзартылған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр да осы Қарағанды облысының аумағында киік атқан браконьерлердің қолынан қорықшы Ерлан Нұрғалиев қаза болған еді.

Хабар 24 телеарнасы