426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған 900-ге жуық медицина қызметкері төлем алды

  • 199
  • UPD: 11:49, 26.08.2020
Коронавирус жұқтырған 900-ге жуық медицина қызметкері төлем алды Azattyq Rýhy

МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 899 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған үш медицина қызметкерінің туыстарының өтініші бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласынан (120), Алматы облысынан (85), Алматы қаласынан (84), Ақмола (80) және Батыс Қазақстан облыстарынан (67) жүргізілді.

Төлем көлемі:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Хабар 24 телеарнасы