426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құны 5 млн теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды

  • 225
  • UPD: 17:56, 28.08.2020
Құны 5 млн теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды

Алматы облысында пәтерден бес миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған гастербайтерлер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

26 тамыз күні сағат 19:00-де Талғар АІІБ-нің кезекші бөліміне Тұздыбастау ауылының 31 жастағы тұрғыны үй ұрлығы туралы арызданған. Жалпы кұны бес млн теңге болатын зергерлік бұйымдары ұрланған.

Осы факті ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, полицейлер оқиға орнына барды.

– Ең алдымен көрші үйде жөндеу жұмыстарын жүргізген Өзбекстан азаматтары күмән тудырды. Бұл адамдар ұрлық жасағаннан кейін бірден жасырынған. Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы қаласындағы ломбардтардың бірінен ұрланған заттардың басым бөлігі табылды. Зергерлік бұйымдарды тапсырушылардың келбеті іздестіріліп жатқан гастербайтерлердің белгілерімен сәйкес келді, – деді Талғар АІІБ бастығының орынбасары Андрей Бурянский.

Тәртіп сақшыларының суреттеулері бойынша іздестіру нәтижесінде Алматы қаласының Жасыл базар ауданында екі күдікті ұсталды. Ұрланған зергерлік бұйымдардың көп бөлігі заңды иесіне қайтарылды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандарына қатысты іздеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы