420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің медицинасы коронавирустың жаңа толқынына әзір ме?

  • 147
  • UPD: 00:29, 01.09.2020

Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оған зор жауапкершілікпен қарауы қажет.

Былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы осылай деген. Бірақ биыл коронавирус белең алғанда денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері айқын көрінді. Егер коронавирус тағы бір күш алатын болса, өткен жағдай қайталанбай ма? Былтыр Жолдауда айтылған міндеттер қаншалықты орындалды?

Қорған Төреқожа, тілші:

- «Басты байлық – денсаулық» деген халықпыз ғой. Бірақ бізде осы медицинаны мінсіз деуге келмейді. Саланың кемшілігін Президент те сынаған. Әсіресе, маман жетпейді. Себеп – жалақы аз. Осыны ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев ақ халаттылардың еңбекақасын ұлғайтуды бұйырған. Біртіндеп ұлғайып келеді.

Майра Шолпанқұлова, қалалық жұқпалы аурулар орталығы дәрігері:

- Жаңа жылдан бастап 30%-ке жалақы көлемі ұлғайды. Соған байланысты бірқатар медицина қызметкерлерінің де жұмыс көрсеткіші біршама жақсарды. Және кадрлардың жетіспеушілігі де біршама азайды.

Маман тапшылығы да жойылар. Жалақы да бір жолға қойылар. Ал, енді елді сарсаңға салған індет кезінде кемшілігі көрініп қалған сала коронавирустың жаңа толқынына әзір ме?

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің ресми өкілі:

- Мүмкін болар, COVID-19-дың жаңа толқынына дайындық барлық қалаларда, барлық ауруханаларда толық қамтылды. 50 мыңнан аса төсек-орын, 3 мыңнан аса мобильдік бригадалар, миллион науқасқа жететін дәрілер емханаларда, ауруханаларда дайын. Қамтылды.

Сапарбай Жобаев, экономист:

- Коронавирусқа қарсы Ресей вакцина шығарып алып жатыр ғой, оны да көбірек 2 миллион емес, 4 миллион сатып алып, халықты егу керек. Біздің халықтың денсаулығына қаражат жұмсаудан қашпау керек.

Қаражатты мемлекет аяп жатқан жоқ. Былтырғы Жолдауында Президент: «Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 триллионнан теңгеден астам қаржы бөлінеді» деп айтқан. Осының арқасында ақ халаттылардың жалақысы да біршама өскенін айттық. Енді Жолдаудағы өзге де міндеттер мінсіз орындала берсе дейсің.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы