426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы қорынан ақшасын кімдер ала алады?

  • 435
  • UPD: 14:03, 02.09.2020
Зейнетақы қорынан ақшасын кімдер ала алады?

Зейнетақы қорынан нақты кімдердің ақшасын ала алатыны жыл соңына қарай белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Ведомство басшысы «721 мың салымшы мұндай мүмкіндікке ие болады» деді. Олардың 530 мыңы жұмыс істейтін азаматтар. Қалғаны зейнеткерлер. Бірақ салымшылар қордағы қаражаттың тек 50%-ін, яғни жартысын ғана ала алады. Оны баспана алуға, емделуге, немесе қаржы ұйымдарына салу үшін жұмсауға болады.

Хабар 24 телеарнасы