424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық әуесқой спортшылар Жидебайға дейін велосипедпен жүріп өтпек

  • 200
  • UPD: 14:50, 02.09.2020
Елордалық әуесқой спортшылар Жидебайға дейін велосипедпен жүріп өтпек

Хакім Абайдың 175 жылдығына арналған веломарафон.

Елордалық әуесқой спортшылар ұлы ақынның мерейтойына орай мыңнан аса шақырымды велосипедпен жүріп өтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, әр күн сайын 100 шақырымнан артқа тастап, 10 күннен кейін Абайдың туған жері Жидебайға жетеді. Веломарафон бүгін елордадағы Абай ескерткішінінің жанынан басталды. Ал, оған қатысушылар арасында тарихшы, археолог және абайтанушы бар. Олар жолшыбай елді мекендерге аялдап, ақын шығармалары мен мұраларын насихаттайды.

Ернат Қашқынов, веломарафонға қатысушы:

- Бұл жеке бастамамыз. Осы арқылы біз салауатты өмір салтын дамытып, велосипедті тұрақты қолдануға шақырамыз. Бұған қоса, елді, жерді, оның әр тасын, шоқысын сүюді насихаттасақ деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы