426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырылған бағалы балық құнын кім төлейді?

  • 205
  • UPD: 22:38, 03.09.2020

Екі жыл бұрын Атырауда 100 мың тонна бекіре балығы қырылып қалды. Бұл оқиға көптің назарын аударып, қылмыстық іс қозғалған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ балықты өсірген компанияның шығындарын өтеуге ешкім асығып отырған жоқ. «Аталмыш дерек тек бір кәсіпорынға ғана емес, бүкіл саланың дамуын тежеп отыр», - дейді мамандар. Сондықтан кәсіпкерлер балық өсіруге ынталы емес.

Дариға Ташенова, тілші:

- 2 жыл бұрын Жамбыл облысындағы «Луговой жылқы зауыты» компаниясы 101 тонна бекіре балығынан айырылды. 36 мың дана Атыраудағы өзендердің бірінде қырылып қалды. Сот шешімі бойынша «Атырау су арнасы» кәсіпорны кінәлі болып танылды, жауапты адамдар қамауға алынды. Алайда, компанияның 1,5 миллард теңге шығынын ешкім өтеген жоқ.

Әсемгүл Ақсамбиева, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС директорының м.а.:

- Қамауға алынған азаматтардың біздің шығынды өтеуге қаражаты жоқ. Егер ақша қайтарылмаса, саланы әрі қарай дамыта алмайтынымыз анық. Инвесторлар балық өндірісіндегі былықты көріп, оған инвестиция құймайды. Ешбір сақтандыру компаниясы бізбен жұмыс істегісі келмейді. Салдарынан нарықтағы балықтың бағасы шарықтап кетеді. Қазір мемлекет саланы дамыту бағдарламаларын әзірлеп, субсидия бөлуге бет бұрды. Бірақ біздің мәселе шешілмесе, бұл бағдарламаға қатысатындар аз болады деп ойлаймын.

«Атырау су арнасы» жергілікті әкімдік қарамағында болды. «Сондықтан жағдайға атқарушы билік өкілдері де кінәлі», - дейді зауыт иелері. Сол себепті олар әкімдікпен соттасуға бел буды. Алайда түйіткіл шешілген жоқ. Жақында компания Жоғарғы сотқа шағымданды. Қазір олар сот отырысы басталуын күтіп жүр.

Константин Березницкий, заңгер:

- Сотқа шағымданбас бұрын біз зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде судағы хлор мөлшері әдеттегіден көп болып шықты. Яғни, жауапты адамдардың кінәсі дәлелденді. Бірақ облыс әкімдігі оған келіспей отыр. Әрі қарай не болатыны белгісіз. Еліміздің Жоғарғы сотында отырыс өтеді. Егер біз онда жеңілсек, бағалы балық өндірісі саласын дамыту туралы айтудың да қажеті жоқ.

Айта кетейік, елде балықтың жаппай қырылу деректері сирек тіркеледі. Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдан бері мұндай оқиға болған жоқ. Себебі, мамандар оны болдырмау үшін алдын ала шараларын жүргізеді.

Аян Мейраш, ҚР ЭГЖТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Мұндай жағдай сирек кездеседі. Көбіне балық оттегі жетіспеушілігінен қырылады. Мамандар оны болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдап отыр.

Қырылып қалған балықты жою үшін «Луговой жылқы зауыты» тағы 10 миллион теңге жұмсады. Енді оны өсіру үшін алынған несиені төлеу керек.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ернар Нысанбай

Хабар 24 телеарнасы