420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы коммуналдық мекеме мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 228
  • UPD: 23:49, 03.09.2020
Ақтаудағы коммуналдық мекеме мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтауда басы даудан арылмаған коммуналдық мекеме мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар ішін тазалап, көгалдандыруға жауапты кәсіпорынды әкімдік 2 жыл бұрын жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берген еді. Сол уақыттан бастап әлгі мекеменің жұмысы бір жүйеге түспей қойды. Жолдардың уақытында тазаланбауы, ағаштардың апталап суарылмағаны жайлы біздің арна тілшілері бірнеше рет қозғады. Ал тұрғындардың арыз-шағымы құзырлы органдарға тікелей жолданып келді. Осыдан соң әкімдікке «Қала жолдары» серіктестігін кері қайтаруға ұсыныс жасалды. Оны басқарып отырған компанияға да хабарлама берілді. Алайда, жауап болмаған соң келісімшарт біржақты ретпен бұзылды. Мемлекет басқаруына қайта өткен коммуналдық кәсіпорында 700-ге тарта адам жұмыс істейді.

Жетібай Құбашев, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы:

- Негізгі себебі – жұмыстардың дұрыс атқарылмауы. Бұрын біздің қала ең таза қала болатын. Қазір өзіңіз біліп отырсыздар, шағын аудандар арасы суарылмай қалуы, көшелердің тазаланбай қалуы, барлығы да әкімдікке келіп түседі. Ол сенімгерлік басқаруда отырса да, барлық сұрақты бізге келіп қояды халық. Сондықтан осыны жөндеу мақсатында бәсекелесті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің нұсқау хатына сәйкес мемлекетке қайтарылып жатыр. Қазіргі уақытта алу-беру актілері жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы