424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Qazaq Air компаниясы Алматы – Қызылорда бағытында жаңа рейс ашады

  • 158
  • UPD: 13:36, 04.09.2020
Qazaq Air компаниясы Алматы – Қызылорда бағытында жаңа рейс ашады Airlines Inform

Qazaq Air Қазақстанда ішкі рейстердің кеңеюі туралы хабарлайды.

9 қыркүйектен бастап Алматы – Қызылорда әуе қатынасы ашылады.

Жаңа әуе бағыты ойынша аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады. Билет бағасы 15 029 теңгеден бастап. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік. Билеттер сатылымда.

Дүйсенбі күндері:

Алматы (15:25) – Қызылорда (16:10)

Қызылорда (12:00) – Алматы (14:40)

Сәрсенбі күндері:

Алматы (14:55) – Қызылорда (15:45)

Қызылорда (11:40) – Алматы (14:15)

Сенбі күндері:

Алматы (13:40) – Қызылорда (14:40)

Қызылорда (10:10) – Алматы (13:00)

«Әуекомпания Қазақстан ішіндегі бағыттарды көбірек қамтуға тырысады. Осылайша қазақстандықтар еліміздің өңірлері арасында ыңғайлы және қолжетімді бағамен саяхаттай алады», – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы