429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық базарға 4,5 млн теңге айыппұл салынды

  • 304
  • UPD: 18:33, 04.09.2020

Санитарлық талапты сақтамағаны үшін елордалық базарлардың бірі енді 4,5 млн теңге айыппұл төлемек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін мобильді топ шаһардағы екі ірі сауда орнын тексерді. Мәселен, әрбір 50 метр қашықтықта санитайзерлер қойылуы тиіс. Бірақ бас санитарлық дәрігердің бұл талабы орындалмай отыр. Оған қоса, әр кіреберісте адамдардың дене қызуы жіті тексерілуі керек еді. Рейдтік шара кезінде базар әкімшілігінің арқаны кеңге салып, ереже бұзғаны анықталды. Жалпы базарға барып, сауда жасайтындар арақашықтықты үнемі сақтай бермейді. Оған қоса, бетперде кимейтіндер көп.

Хабар 24 телеарнасы