420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Түркістан облысынан келген 447 тоннадан астам өнім саудаға түсті

  • 161
  • UPD: 13:47, 05.09.2020
Елордада Түркістан облысынан келген 447 тоннадан астам өнім саудаға түсті

Қауіпті вирусқа дейінгі қалыпты өмір кезінде өңірлер елордаға дәм сәлемін жолдап, апта сайын ауылшаруашылық заттарының жәрмеңкесі өтуші еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы эпидемиологиялық ахуал жаз соңына дейін ондай мүмкіндік бермеді. Енді карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін бірнеше өңірден Нұр-Сұлтан қаласына жеміс-жидек, азық-түлік артқан керуен келді. Дәлірек айтқанда, бүгін Түркістан және Алматы облыстарының кәсіпкерлері өз жәрмеңкесін ашты. Мысалы, Түркістан облысынан 447 тоннадан астам өнім саудаға түсті. Екі облыстан келген азық-түліктің жалпы құны 170 млн теңгеден асады. Жәрмеңке екі күнге белгіленген. Санитарлық талаптар толық сақталған. Тиісті сала өкілдері бекітілген ережеге сай бақылау орнатты. Ал, елорда тұрғындары арзан азық, дәмді жеміс-жидек сатып алып, алыстан келген еңбеккерлерге алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы