426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды

  • 193
  • UPD: 17:17, 05.09.2020
Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды Care.com

Болашақ» қоры журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында инклюзивті білім беруді жариялау бойынша үздік материалға жыл сайынғы байқауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі: телевизиялық жұмыс, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет- жарияланым/пост.

Өтініштер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні, яғни 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланатын болады. Конкурс арқылы ұйымдастырушылар даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасы мен сәтті тәжірибесін атап өтіп, азаматтарды инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру процесіне журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларды тартуға тырысады. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиажетекшілер және жанашыр азаматтар кірді.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 1500000 теңге.

Хабар 24 телеарнасы