420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымбұлақ шыңында туристер құтқарылды

  • 105
  • UPD: 12:37, 07.09.2020
Шымбұлақ шыңында туристер құтқарылды

Шымбұлақ курортында тауға шыққан екі туристер тобы төменге түсе алмай қалған, деп хабарлады inAlmaty.kz.

5 қыркүйек күні кешке туристер тобы қалалық құтқару қызметіне көмек сұрап сигнал жіберді. Олар қараңғы түсіп кеткендіктен, тауда адасып қалған.

Оқиға орнына бес құтқарушыдан тұратын экипаж келді. Олар екі топқа бөлініп, бірі метеорологиялық станцияға дейінгі биіктікке, екінші топ Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жоғары Комби-2 аймағына көтерілді.

Іздеу жұмыстары 2700 метр биіктікте және теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте жүргізілді. Таңғы сағат 4:00 шамасында туристерді іздеу аяқталды. Барлық жеті турист қауіпсіз жерге түсірілді.

Хабар 24 телеарнасы