424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 47 ойын терминалының иесі сотталды

  • 117
  • UPD: 11:04, 08.09.2020
Елордада 47 ойын терминалының иесі сотталды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз ойын бизнесін жүргізген тұрғынға сот үкімі шықты.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті елорда тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізген болатын. Ол аса ірі көлемде пайда табу үшін елорда аумағында заңсыз ойын бизнесін жүргізген.

«Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-т. сәйкес айыпты болып танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды», – делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ұсталған азаматтан 47 ойын терминалы тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы