431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында мал ұрлау дерегі азайды

  • 145
Жамбыл облысында мал ұрлау дерегі азайды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрланған.

Өңірде барымташылыққа қатысты 125 қылмыстық дерек тіркелді. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше биыл мал ұрлығы 20% төмендеген. Оған алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілген. Мал ұрлағаны үшін 49 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 21 адамнан тұратын 9 қылмыстық топ қолға түсті. Олар мал ұрлығымен кәсіби түрде айналысқан. Статистикаға сәйкес аймақта соңғы үш жылда мал ұрлығы 56% кеміпті. Ал қылмыстың ашылу көрсеткіші 66% жоғарылаған.

Мақсат Юсупов, облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Ұрланған малды тасымалдайтын орындар мен аймақтарды анықтап, сол жерлерде тиісті тосқауыл жұмыстарын ұйымдастырамыз. Мал базарлары жұмыс істейтін күндері арнайы жасақтарды қойып, тиісті шараларды жүзеге асырамыз. 528 бас ұрланған малдың 243-і қазіргі уақытта мал иелеріне қайтарылып отыр. Бұл көрсеткіш ұрланған малдың жалпы санының 47,4% тең.

Хабар 24 телеарнасы