426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында тұмауға қарсы екпе салу науқаны жүріп жатыр

  • 100
  • UPD: 19:58, 09.09.2020

Павлодар облысында да тұмауға қарсы егу науқаны жылдағыдан ерте басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік өңірдің ауа райын ескере отырып, мамандар осындай шешім қабылдаған. Облыс бойынша тұмауға қарсы екпенің 80 мың мөлшері алыныпты. 11 мыңдай адамға вакцина тегін жасалады. Аймақ тұрғындарының үштен бір бөлігіне тұмауға қарсы екпе өндірістік кәсіпорындар есебінен жасалады. Ал, жергілікті емханалар халықты келісімшарт негізінде егуді жоспарлап отыр.

Дина Асылбекова, №4 емхананың отбасы денсаулығы орталығының меңгерушісі:

- Біздің емхана бойынша тұмауға қарсы екпе жеті мыңдай адамға жасалады. Тегін вакцина диспансерлік есепте тұрған балаларға және жиі ауыратын алты айдан асқан сәбилерге салынады. Сонымен қатар созылмалы ауруы бар адамдар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері тұмауға қарсы вакцинаны тегін алады.

Біржан Досмайылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Осы біздің облыстық бюджеттен 69 миллион теңге қаржы бөлінген. «СК Фармация» арқылы 80 мыңнан астам тұмауға қарсы вакцина алынған. Соның қазіргі осы қыркүйек айының басында 38 мың мөлшері бері қарай келіп, қазір медициналық мекемелерге жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы