420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рентгенолог: Балалардың ағзасы коронавирустық инфекцияға шалдығуға бейім емес

  • 97
  • UPD: 18:09, 09.09.2020
Рентгенолог: Балалардың ағзасы коронавирустық инфекцияға шалдығуға бейім емес

Қарағанды облысында COVID-19-бен ауырып жатқан балалар жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің бас рентгенологы «қауіпті індеттің екінші толқыны балаларға ауыр соғады екен» деген қауесетті жоққа шығарды. Мұхтар Әбілдиннің сөзінше, соңғы екі айда пневмониямен 34 бала ауырған. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бірдей көрсеткіш. Барлық науқас томографиялық тексерістен өткен, нәтижесінде пневмония коронавирустық емес, жедел респираторлық вирустық инфекциядан туындағаны анықталған.

Мұхтар Әбілдин, облыстың бас рентгенологы:

- Балалардың ағзасы коронавирустық инфекцияға шалдығуға бейім емес. Жұқтырған күннің өзінде қабынған өкпенің аз бөлігі ешқандай ем-домсыз оңай сауығып кетеді. Мұны әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр. Біздің облыста бірде-бір бала әлі күнге ауырып жатқан жоқ. Сондықтан ешқандай үрей тудыруға негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы