424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық компьютер сатып алатындар үшін жеңілдетілген несие беріледі

  • 71
  • UPD: 17:52, 10.09.2020
Отандық компьютер сатып алатындар үшін жеңілдетілген несие беріледі

Елімізде электроника өнеркәсібінің болашағы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы 3 жылда отандық кәсіпорындар шығаратын компьютерлік техника өндірісі 165 млрд тг-ге жетеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен электронды өнеркәсіп саласына арналған жиында айтылды. Мемлекет отандық өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр.

Отандық компьютер сатып алатындар үшін жеңілдетілген несие беріледі. Саладағы басқа да электронды өнімдер өндірісі дамытылады. Сөйтіп жалпы көлемі 2024 жылға қарай 383 млрд тг-ге жуықтауы тиіс. Қазіргі көрсеткіш 44,5 млрд тг-ге тең.

Осы күні елімізде 64 кәсіпорын компьютерлік жабдық шығарумен айналысады. Оған телекоммуникациялық қондырғылар, цифрлық бейнекамера, жылу және су есептегіш құралдар кіреді. Олар ел нарығына қажетті өнімдердің тек 4% ұсынады. Яғни қазақстандық үлес аз.

Үкімет жоспарына сай осы салада еңбек ететін адамдар саны жыл сайын 28 мыңға көбейтіліп, ауыл мен қала арасындағы цифрлық тепе-теңдік жойылады. Биылдың өзінде 9 отандық компания мектептерге қосымша 606 мың компьютер жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы